Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Будапеште төлемді биткойн арқылы қабылдайтын такси пайда болды

Будапеште төлемді биткойн арқылы қабылдайтын такси пайда болды

Будапештегі жолаушыларға қызмет көрсетуші компаниялардың бірі Budapest Taxi биткоинды төлем ретінде қабылдай бастады. Мамандардың сөзінше, венгерлік нарық үлкен емес, бірақ көлемі 25 млн еуроны құрайды.

Жолаушылар такси компаниясының QR-код смартфон арқылы есептеп, биткоин әмияны арқылы төлейді. Ал таксист ақшаны форинт арқылы алады. Қазіргі курс бойынша 1 биткоин 110 мың форинт немесе 352 еуро тұрады. Бірақ венгерлік астанада биткоиндар танымал емес. Қалада биткоиндарды қабылдайтын бірнеше кафе, мейрамханалар және туристік компаниялар бар. Биткоинды төлем құралы ретінде пайдаланатын ірі венгерлік сервис COinPAY криптовалютаның болашағына сенуге болады деп есептейді.

Похожие материалы