Лондон (LSE) және Қазақстан қор биржасында Халық банктің акциялары арзандады. Бұл туралы LS хабарлайды.
12 ақпан күні LSE-де банктің баға белгіленімі 6,93%-ға төмендеді. Ал отандық биржада акция бағалары 3,1%-ға арзандады.
Лондон қор биржасында қазақстандық басқа да қағаздардың құны біраз өсті. Мысалы KAZ Minerals PLC-дің құнды қағаздары 6,77%-ға, Kcell акциялары 5,10%-ға, "ҚазМұнайГаз" Барлау-Өндіру" компаниясының акциялары 1,54%-ға қымбаттады.
Ал Қазақстан қор биржасында сегіз эмитенттің бесеуі сауда аптасын оң нәтижемен жапты. ҚазМұнайГаз бен KAZ Minerals акциялары 3,6%-ға қымбаттады.
KEGOC-тың баға белгіленімі 2,4%-ға өсті. Сондай-ақ, жасыл аймақта "ҚазТрансОйл" компаниясы қалды (+0,6%).
Фото: kazakh-zerno.kz