Астана және Алматы қаласында 1 шаршы метр тұрғын үй бағасы 200 мың теңгеден аспайды. Бұл туралы 15 ақпан күні Ұлттық экономика миинистрі Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Қазинформ.
«1 шаршы метр тұрғын үй бағасы Астана және Алматы қаласында 200 мың теңгеден аспайды. Ал басқа аймақтарыда инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым есебіне сәйкес, 180 мың теңгені құрайды. Сатып алынбайтын тұрғын үйді жалға алу құны Алматы мен Астанада ай сайын шамамен шаршы метріне 640 теңге. Басқа аймақтар үшін баға - 550 теңге. Ал сатып алынатын тұрғын үйлердің Астана мен Алматы қаласындағы бағасы - 1110 теңге. 2016 жылы осы механизм бойынша 324 мың шаршы метр тұрғын үй салынады", - деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, әкімдік тізіміндегі кезекте тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы мен ішкі миграция бойынша аймақтық квотаны жүзеге асыруда "Бәйтерек" Ұлттық холдингінен 53 млрд теңге бөлінеді.
Жалға берілетін тұрғын үй құрылысы "Бәйтерек" холдингінің облигацияларын сатыымға шығару арқылы жүзеге асырылады. Ол облигациялар «Бәйтерек девелопменттен» 20 жылға 0,15%-бен алынған.
Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрслтан Назарбаевтың тапсырмасымен тұрғын үй құрылысын ынталандаруға 360 млрд теңге бөлінді.
Фото: kolpinec.ru