Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маркетингтік жыл басынан бері Қазақстан 5 млн тонна астық экспорттады

Маркетингтік жыл басынан бері Қазақстан 5 млн тонна астық экспорттады

Маркетингтік жыл басынан бері Қазақстан 5 млн тонна астық экспорттады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Сапархан Омаров мәлімдеді.

«2016 жылдың 1 ақпанынан бастап 4,9 млн тонна астық тиелді. Бұл өткен жылғы деңгейге қарағанда 961 мың тоннаға немесе 24%-ға көп", - деді ол.

Вице-министр тиелген астықтың 3,3 млн тоннасы дәнді-дақыл, 1,2 млн тоннасы ұн екенін атап өтті.

2015 жылы жиналған астықтың  жалпы көлемі 18,8 млн тоннаны құрады. Астық көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 1,5 млн тоннаға артық жиналды. Ал жиналған бидай көлемі 13,5 млн тоннаны құрады.

Похожие материалы