Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Tesla Қытайда зауытын ашады

Tesla Қытайда зауытын ашады

Tesla компаниясы Қытайда автокөлік зауытын ашуды жоспарлап отыр. Бұл туралы news.finance.ua хабарлайды.

Америкалық Tesla компаниясы Қытай аумағында автокөлік зауытын ашып, электрокар сатылымын арттыруды қолға алуда. Tesla басшысы Илон Маск атап өткендей, автокөліктерді құрастыруды Қытайда жүзеге асыру арқылы компания брендтің танымалдылығын арттырумен қатар автокөліктердің бағасын төмендетеді. Сондай-ақ, Қытайдағы автозауыттың ашылуы Tesla-ның өзіндік бағасын төмендетуге және мұхит арқылы өнімді транспорттау шығындарын азайтып, сатылым көлемінің артуына мүмкіндік береді.

"Қазіргі кезде Қытай нарығында электр көліктеріне сұраныс жоғары. Сондықтан біз өз брендіміздің белсенді түрде таралуы үшін Қытаймен сенімді серіктестік орнаттық", - деді компания басшысы Илон Маск.

Похожие материалы