Экономика
Табиғи апаттар әлем экономикасына жыл сайын 300 млрд доллардан аса шығын келтіреді
Жыл сайын табиғи апаттардан әлем экономикасына келетін шығын 300 млрд долларды құрайды. Бұл туралы БҰҰ-ның табиғи апаттар қауіпін азайту жөніндегі арнайы өкілі Роберт Глассер мәлімдеді.
Р.Глассер 2015 жылы болған соңғы табиғи апаттарға назар аударып, аталған апаттан туындайтын қауіп түрлерін азайтуға шақырды.
"Ірі табиғи апаттан туындайтын қауіпті азайтпай тұрып, нақты бір экономикалық дамуға қадам жасау мүмкін емес", - деді ол.
Өткен жылы құрғақшылық пен ең ыстық жыл болды деуге болады. Осының салдарынан 2015 жылы жалпы 98,6 млн адам зардап шегіп, 22,8 млн-ы қаза тапқан.
2015 жылы жалпы саны 90 қуатты дауыл болған. Соңғы 20 жылда осындай табиғи апат әсерінен 242 млн адам өмірден өткен. Алайда белсенді шаралардың арқасында осы жылы Үндістан, Филиппин, Малави, Мексика елдеріндегі дауыл кезінде қаза тапқандардың саны 923-ке төмендеді.