Солтүстік Қазақстан тұрғындары дағдарыс кезінде бизнес ашу мүмкін емес деп есептейді
Қазақстанның солтүстігінде орналасқан облыс тұрғындарының 23%-ы қазіргі дағдарыс жағдайында бизнес ашу мүмкін емес дейді. Мұндай пікір білдірген респонденттердің көбі– павлодарлықтар (36%). Бұл туралы және өзге де мәліметтер DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы жүргізген зерттеуде анықталды.
DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Қазақстанда шағын және орта бизнестің даму мүмкіндіктері» тақырыбында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға Астана, Алматы қалалары мен Қазақстанның 14 облысынан 18 жастан асқан 1821 адам қатысты. Сұрақтарға жауап берген азаматтардың 68%-ы әйелдер және 32%-ы ер азаматтар. Сауалнама әдістері - телефон арқылы жүргізілген сұхбат және онлайн-сауалнама. Зерттеу 25 желтоқсаннан бастап 5 қаңтарға дейін жүргізілді. Статистикалық қателік 2,5%-дан аспайды.
[caption id="attachment_37163" align="alignnone" width="868"] demos.kz[/caption]Валюта бағамының өзгеруі секілді түрлі экономикалық жағдайларға көз жүгіртсек, дағдарыстың жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны ойға оралады. Бұл тұжырымның қаншалықты рас екені 2016 жылы белгілі болады.
Шағын және орта бизнестің (ШОБ) ел экономикасына тигізер басты пайдасы - жаңа жұмыс орындарының ашылуы. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 33%-ы осындай пікір білдірді. Ал, 13%-ы елімізді әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықпен қамтамасыз етеді дейді.
2015 жылы елімізде шағын және орта бизнес саласында жиі кездескен мәселелер: нормативті-құқықтық базаның жетілдірілмеуі және салық жүктемесі. Сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 40%-н ШОС төңірегіндегі осы мәселелер толғандырады. Респонденттер Қазақстанда шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі факторы ретінде келесі нұсқаларды таңдады:
Респонденттердің небәрі 4%-ы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының жобалары мен өзге мемлекеттік бағдарламаларды шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі факторларының біріне жатқызды.
Зерттеу барысында қатысушыларға «Мүмкіндігіңіз болса, қай салада өз ісіңізді ашар едіңіз?» деген сұрақ қойылды. Ер азаматтар мен әйелдер жауаптары арасында үлкен айырмашылық байқалды. Мәселен, 10% әйелдер азық-түлік тауарларын сатуды таңдаса, 10% ер азаматтар мейрамхана ашуды таңдайды. Екінші орында нәзік жандылар медициналық орталық, дәріхана немесе заңгер, нотариус қызметін ұсынатын орталық ашуды қалайды. Ал, ер азаматтар халыққа білім беру, оқыту бағытында қызмет көрсетуді таңдады. Бұл жауаптардың үлесі - 9%.
Сонымен қатар, адамның жас ерекшелігіне қарай таңдауы әртүрлі екен. Мысалы, зерттеуге қатысқан 18-28 жас аралығындағы жастар мейрамхана ісін (16%) таңдады. 29-39 жас аралығындағы респонденттердің 11%-ы медициналық орталық немесе дәріхана ашуды тиімді деп есептейді. Ал, 40-69 жасар қазақстандықтардың 11%-ы азық-түлік тауарларын сатуды ең тиімді бизнес саласы қатарына жатқызады.
Батыс Қазақстан тұрғындарының 28%-ы сауда-саттық саласын таңдайды. Оңтүстік (33%) және шығыс (26%) өңір халқы қызмет көрсету саласын тиімді бизнес санатына жатқызады. Сонымен қатар, еліміздің орталық аймақтары тұрғындары да (40%) қызмет көрсету саласына басымдық береді. Экономикалық белсенді өңір тұрғындары, алматылықтар (27%) мен астаналықтардың (26%) пікірінше, әр түрлі бағыттағы қызмет көрсету саласында жұмыс істеу - тиімді бизнес түрлерінің бірі.