ҚР Ұлттық банкінің болжамынша, инфляция бұрынғы 6-8% дәлізде қалады, деп мәлімдеді ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев Үкіметте.
«Инфляция, Ұлттық банктің болжамы бойынша, бұрынғы дәлізде қалады. Ол 6-8% дәліз болмақ. Өнеркәсіп салаларына қатысты мәселелер болады, әрине, сәйкесінше бізде тау-кен өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі бойынша төмендеу шамамен 5% болмақ. Ал, өңдеу өнеркәсібінде шамамен 1,4%», - деді ҚР ҰЭМ басшысы тілшілерге берген сұхбатында.
Сонымен қатар, министрдің айтуынша, ауыл шаруашылығында 3,5%-ға өсу күтілуде.
«Бұл болжамды қарау кезінде бектілген негізгі параметрлер. Және, сәйкесінше 2016 жылға республикалық бюджет параметрлері өзгертіледі», - деп түйіндеді Е.Досаев