Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Алматының индустрияландыру картасына құны 2,8 млрд теңге болатын 5 жоба енді

Алматының индустрияландыру картасына құны 2,8 млрд теңге болатын 5 жоба енді

23 ақпанда Аймақтық үйлестіру кеңесі Алматының индустрияландыру картасына 200 жұмыс орнын құрайтын 5 жаңа жобаны енгізу туралы шешім шығарды. Жобаларды жүзеге асыру құны - 2,8 млрд теңге. Бұл туралы қалалық Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Жобаға салынатын инвестицияның 60%-ы отандық инвесторлардың өз қаржысы есебінен болады.

Нәтижесінде 2015-2019 жылдары Алматы индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 120,3 млрд теңге болатын 55 жоба жүзеге асырылуы керек.

Индустриялық жобалар 9,9 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Өткен бес жылдықпен салыстырғанда жоба саны 2,5 есеге, қамтылатын жұмыс орны 3 есеге артқан.

Мақұлданған жобалар аясында  тағам, химия, ағаш өңдеу, жеңіл, құрылыс өнеркәсібі саласы ашылады.

Похожие материалы