Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Дағдарыс кезінде көлік сатып алу тиімді ме?

Дағдарыс кезінде көлік сатып алу тиімді ме?

Дағдарыс кезінде көлік алу қаншалықты тиімді? Доллар бағасының қымбаттауы екінші нарықтағы машина құнына қаншалықты әсер етті? 7kun.kz толығырақ түсіндіреді. 

Кolesa.kz сайтының шеф-редакторы Павел Кимнің сөзінше, қазір қазақстандықтар көлік сатып алу процесін мүлде азайтқан. "2016 жылдың қаңтар айында бар болғаны 3,5 мың көлік сатылды. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда екі есе аз. Мысалы 2015 жылдың қаңтарында 7,7 мың көлік сатылған", - дейді Павел Ким.

Алайда екінші нарықтағы автокөлік сатылымы төмендемеген. Тек теңге бағамы алғаш рет еркін айналымға жіберілген сәтте сауда біраз тоқтаған. "2015 жылдың күзінде жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда көлік сатылымы мен Кolesa.kz-ке берілетін автокөлікті сату туралы хабарламалар саны 30 %-ға төмендеді. Дегенмен жыл соңында көліктерді сату қайта қалпына келіп, ұсталған көліктерді қайта тіркеуден өткізу максималды бірлікке дейін өсті. 2015 жылдың соңында жүргізілген көліктерді сату 2014 жылғы көрсеткіштен асып кетті", - деді шеф-редактор.

Қазіргі кезде дағдарыста автокөлік сату-сатып алу белсенділігі нақты бақыланып отыр деп айтуға келмейді. Бірақ сатып алушылардың көпшілігі автокөлік салондарынан гөрі жеке немесе "көлеңкелі" дилерлерге және екінші нарыққа барып көлік алғанды жөн көреді.

Автокөлік бағасы қалай өзгерді?

Кolesa.kz редакциясының зерттеуі бойынша, 2015 жылы екінші нарықта автокөлік бағасы долларға қатысты төмендеп, теңгемен есептегенде қымбаттаған. Егер Қазақстан нарығындағы танымал автокөліктердің бағасын доллар есебімен қарайтын болсақ автокөліктердің орташа бағасы өткен жылы 26%-ға төмендеген. Ал мұны ұлттық валютаға яғни теңгеге алмастырсақ,  машинала бағасы орташа есеппен 17%-ға қымбаттаған. 2016 жылы жағдай аса өзгеріске ұшыраған жоқ.

Ал теңгеге қатысты жаңа автокөліктердің де бағасы  жоғарылады. Доллармен өлшесеңіз, бұрынғы минимум дегейде қалған. Баға тіпті теңгемен де, доллармен де төмен көрсетілген болса мұны 2013-2014 жылдарындағы ескі үлгілерден құтылу үшін жүргізілген шара деуге болады.

"Барыс" автокөлік базарының бас бақылаушысы Данияр Құндақбаевтың айтуынша, екінші нарықта да көлікті сатып алушылар мен сатушылардың саны азайды. Бұл ең алдымен елдегі теңге девальвациясымен байланысты болып отыр. "Мысалы 2015 жылғы ескі курспен (1 доллар - 180 теңге) есептесек бағалар сол қалпында қалды деуге болады. Яғни кезінде Toyota Camry-35-тің бағасы 2000 доллар болса, қазіргі кезде девальвацияға байланысты теңгеге ауыстыратын болсақ 3 млн теңгені құрайды", - деді ол.

12767965_781431085320571_142634403_o

Оның атап өтуінше, алдағы уақытта автокөліктердің бағасы біртіндеп қымбаттауы мүмкін.  Оған Жаңа жылдан бастап "ҚР индустриалды инновациялық саясатына қатысты заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заның күшіне енуі себеп болып отыр. Яғни заңға байланысты алғашқы тіркелген көліктер үшін АЕК (айлық есептік көрсеткіш) өскеннен кейін ЕАЭО елдерінен, оның ішінде Ресейден автокөлік  тасымалдау азайды.

Бұны Ресейден автокөлік алып келіп сатып жүрген Дмитрий есімді сатушы да дәлелдеп отыр. Ол қазіргі кезде сатылымға Ресейден Жаңа жылға дейін алып келген көліктерді шығарып жатқанын айтады. "Біз қазір Ресейге мүлде бармаймыз. Соңғы рет алып келген көліктерді сатылымға шығарып жатырмыз. Негізі бізге Ресейден алып келіп сату тиімді еді. Ол жақта баға рубльмен қойылады. Баға да арзан. Бірақ Жаңа жылдан бері шетелден келетін автокөліктерді тіркеу құны өскендіктен ол жаққа ешкім бармайды",  - дейді сатушы.

12767565_781431088653904_861447693_nОның сөзінше, дағдарыс басталғалы бері көліктерді сату мүлде азайған. "Бұрын бір аптада 2 көлік сатсақ, девальвация басталғалы бері бір айда 2 көлік  ғана сата аламыз", - деді көлік сатушысы. Сондай-ақ, автокөлік сатылымы автосалондарда да, екінші нарықта да төмендеген. Базарға келіп кетушілердің саны көп болғанмен, нақты автокөлік сатып алушылардың саны аз.

Қазір базарда 200-250 мың теңге көлемінде 1990-1991 жылғы ескі маркалы көліктерді сатып алуға болады. Ал жаңа көліктердің бағасын (Toyota Camry-55) америкалық валютамен есептесек, 22 мың доллардан басталады. Мұндағы баға автосалондағы көлік құнынан 15-17%-ға арзан. Әрі базарда автокөлік жылдам сатылады.

"Барыс" автобазарының алаңы кең (40 га) болғандықтан, мұнда келушілердің де саны көп. Аптасына кемінде 15-20 мың адам келіп кетеді. "Бірақ көлікті сату-сатып алу жеке тұлғалар арасында болғандықтан күніне қанша көлік сатылатынын бақылауға алмаймыз", - дейді Данияр Құндақбаев.

Екінші нарықта ұсталған көліктерді арзанға алып, үстеме бағамен сататын алып-сатарлар да бар. Осы кәсіппен айналыусшылардың айтуынша, қазір машина бағасы төмендеді деп айтуға болмайды. Тек тұтынушылар белсенділігінің азайғанына байланысты өтпейді.

"1 млн, 1 млн 300 мың теңге тұратын, бірақ шұғыл жағдайда сатылуы керек көлікті 600-700 мың теңгеге аламыз. Қажет болса одан әрі жөндеп, үстіне қосымша ақшамен базарға шығамыз. Жол шығындарын алып тастағанда 100-150 мың теңге таза пайда табуға болады. Кем дегенде 1 айда 1 машина өтеді. Екі айда 3 машина өтсе - өте жақсы. Қазір дағдарыс дегеніңізбен, машина бағасы қымбат. Бірақ халықта ақша аз, сауда азайды. Мүмкіндігінше, арзанға сатып алғысы келеді", - дейді Нұрлан есімді көлік сатушы.

Бағаны теңгемен көрсету туралы заң сатылымға еш әсер етпейді

2016 жылдың 2 ақпанынан бастап автокөлік пен жылжымайтын мүлікті электронды сауда арқылы сататын сайттар үшін бағаны  ұлттық валютамен көрсету туралы «Электрондық сауданы жүзеге асыру ережесі» күшіне енген еді. Алайда бұл Кolesa.kz сайтын қолданушыларына аса әсер еткен жоқ. "Бағаларды теңгеге (рубль, доллар, теңге) ауыстыру кезінде ғана хабарлама  берушілер азайды. Дегенмен бұл біраз уақыт өткен соң қайта қалпына келді", - дейді Павел Ким. Оның үстіне автокөлікті сату және сатып алу өсімін бағаның теңгеге ауысуымен байланыстыруға болмайды. Себебі бағаның теңгемен немесе доллармен көрсетілуі клиенттерге еш әсер етпейді.

[caption id="attachment_37571" align="aligncenter" width="684"]kolesa.kz kolesa.kz[/caption]

Маржан Нүсіпбек, Нұрбақыт Хали "7"

Похожие материалы