Лос-Анджелес қаласындағы кезекті 88-ші "Оскар" сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. Леонардо Ди Каприоның жеңісі мен ең тамаша көйлектердің рейтингісінен бөлек "Оскардың" назар аударатын тағы бір тұсы - фильмдердің қаржылық жағдайы.
"Ең үздік фильм" бойынша кассалық жинағы 500 млн доллардан асқан блокбастерлер сирек жеңетіні белгілі. Соңғы рет мұндай жағдайға байланысты "Оскар" 2003 жылы прокаттағы табысы 1,2 млрд болған "Корольдың оралуы" фильміне берілген еді. Әдетте үздік картина үшін сыйлық лауреаттарының жинағы 49 млн-нан 250 млн доллар аралығында болған. Бірақ фильмдерді тек шығармашылық жетістігі жағынан ғана емес, кассалық жинақтағы табысына байланысты да саралап көруге болады. Сарапшылардың сөзінше, фильмнің кассалық жетістік коэффициентінің (КЖК) жоғары болуы киноакадемиктер алдында дауыс беруге қосымша себеп болады.
Үздік картина үшін "Оскар" сыйлығын алғандардың КЖК-сы көбіне қостаңбалы немесе бестен аса санға тең. Мысалы "Лашықтан шыққан миллионер" фильмінің КЖК-сы 25,2 пункті құрады. Дэнни Бойл фильміне 15 млн доллар жұмсап, 378 млн доллар пайда тапты. Ал Том Хупердің "Король сөйлейді " фильмін түсіруге 15 млн доллар жұмсалып, $414,2 млн жиналды. КЖК - 27,61. Сондай-ақ, қарапайым жеңімпаздар да бар. Мысалы Алехандро Иньярритудың "Бердмен" триумфаторы 18 млн доллар жұмсап, табысы $103,2 млн-ды құрады.
Бұл өлшем бірлікті пайдалана отырып, сыйлыққа ұсынылған фильмдердің бонустық қаржылық жағдайын анықтауға болады. Дегенмен кейбір фильмдердің прокат уақыты әлі бітпегендіктен кейде сандар үнемі өзгереді. Аталған категорияға Алехандро Гонсалес Иньярритудың "Оралған әруақ" (The Revenant") фильмі де оңай еніп кетеді. Мысалы, фильмнің премьерасы Испанияда және Оңтүстік Шығыс Азия елдері мен Бразилияда ақпан айында басталған. Ал Жапонияда көрсетілім 22 сәуірде болады. Әзірге басты рөлде Лео Ди Каприо ойнаған фильмнің табысы 282,млн долларды құрап КЖК-сы 2,09 пункті көрсетіп тұр.
Жылдың ең үздік фильмі атанып, "Оскарды" жеңіп алған "Басты назарда" ("Spotlight") фильмінің жалпы бюджеті 20 млн долларды құраса, табысы бар болғаны әзірге 36,6 млн доллар болып отыр. Бұл фильмде Бостон шіркеуіндегі шырақшылардың балаларға көрсеткен зорлықтары туралы баяндалады.
Ал "Оскарға" үміткер болған фильмдердің бірі Ленни Абрахамсонның "Бөлме" ("Room") деп аталатын психологиялық фильміне 6 млн доллар жұмсалып, кассалық жинағы бар болғаны 13,4 млн долларды құрады.
Аустралиялық Джордж Миллердің "Ессіз Макс: Қаһарлы жол" фильм 10 номинацияға ұсынылып, оның алтауын жеңіп алды. КЖК-сы 2,5, пункті құрап, фильмнен түскен пайда 375 млн доллар болды.
Сондай-ақ КЖК көрсеткіші бойынша "Оскар" алуға үмітті фильмдердің бірі болған Адам Маккейдің "Үлкен құнсыздану ойыны" ("The Big Short") фильмінің бюджеті $28 млн болса касса жинағы — $103,6 млн, КЖК— 3,7. Коэффициенті жаман болмағанмен "Оскарды" жеңіп ала алғн жоқ.
Ал барлық позиция бойынша "Оскарға" үмітті болған Ридли Скоттың "Марсианин" фильмі сыйлықты жеңіп ала алмады. Фильм бюджеті 108 млн долларды құрап, әлемдік прокатта кассалық жинағы 598 млн долларды құрады.