Экономика
Н.Назарбаев ауылды қолдау акциясын өткізу туралы тапсырма берді
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2016 жылы ауыл шаруашылығын дамыту үшін кең ауқымды акция өткізуді «Нұр Отан» партиясына тапсырды.
"Бес жыл бұрын менің бастамам бойынша, ел тәуелсіздігінің 20 жылдығында «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» атты жоба жүзеге асырылды. Осы жылы да бүкіл ел бойынша патриоттық акцияны жүзеге асыруымыз қажет",- деді Н.Назарбаев.
"Халықтың санының жартысына жуығы ауылды жерлерде тұрады. Бізді табысқа жеткізер қозғалтқышымыз болатын ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіншілігіміз бар. Мұны "Нұр Отан" партиясының барлық мүшелеріне берілген тікелей тапсырма деп санаңыздар",- деді ол.