Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік бағасы қымбаттады

2016 жылғы ақпанда азық-түлік тауарларының бағасы 2015 жылғы ақпанмен салыстырғанда 12,4%-ға өсті. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады

2016 жылғы ақпанда 2015 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға қантқа 36,1%, май және тоң майға – 22,6%, кофе, шай және какаоға – 21%, балық және теңіз өнімдеріне – 20,5%, нанға – 19,7%, жемістер мен көкөністерге – 16,8%, кондитерлік өнімдерге – 16,5%, тоқаш және ұн өнімдеріне – 16,1%, макарон өнімдеріне – 12,3%, жармаларға – 12,2%, алкогольді ішімдіктерге – 11,5%, ұнға – 9,3%, сүт өнімдеріне – 6,9%-ға өсті. Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 3,9%-ды құрады. Шұжық өнімдеріне баға деңгейі 9,9%, құс етіне – 4,3%, сиыр етіне – 2,3%, шошқа етіне – 1,6%, қой етіне – 0,8%, жылқы етіне – 0,4%-ға жоғары болды.
2016 жылғы ақпанда Қазақстан Республикасындағы негізгі азық-түлік тауарларының орташа бағасы
Бір килограмының бағасы теңгемен 2015 жылғы ақпанда орташа баға
орташа ең төмен ең жоғары алшақтық, есе
қала баға қала баға
Бірінші  сұрыпты бидай ұны 112 Ақтөбе, Павлодар 78 Ақтау 159 2,0 95
Бірінші сұрыпты бидай ұнынан пісірілген нан 109 Шымкент 84 Ақтау 148 1,8 90
Вермишель 234 Тараз 196 Ақтау 336 1,7 199
Күріш 289 Қызылорда 207 Астана 409 2,0 255
Ұнтақ жарма 192 Ақтөбе 151 Атырау 270 1,8 175
Қарақұмық  жармасы 313 Павлодар 264 Астана 453 1,7 261
Сиыр еті жауырын-төс бөлігі 1 180 Павлодар 978 Алматы 1 336 1,4 1 180
Сары май 1 582 Павлодар 1 370 Ақтау 2 226 1,6 1 357
Күнбағыс майы, литр 418 Ақтөбе, Орал 388 Өскемен 464 1,2 294
Шикі сүт, литр 178 Павлодар 117 Алматы 223 1,9 153
Жұмыртқа, ондық 262 Петропавл 202 Алматы 303 1,5 206
Картоп 79 Павлодар 56 Ақтау 102 1,8 98
Алма 345 Тараз 256 Астана 473 1,8 287
Ақ қауанды қырыққабат 91 Өскемен 74 Ақтау 138 1,9 107
Құмшекер 234 Тараз 208 Астана 255 1,2 172
Шай 2 176 Талдықорған 1 822 Алматы 3 008 1,7 1 771

Похожие материалы