Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Microsoft Қазақстанның жаңа директоры тағайындалды

Microsoft Қазақстанның жаңа директоры тағайындалды

Константин Назаров «Microsoft Қазақстанның» бас директоры болып тағайындалды. Ол екі жылдан аса уақыт бойы корпарацияның Қазақстандағы офисін табысты басқарған Алексей Роштенконың орнына келді, деп хабарлайды Kapital.kz.

Осы тағайындауға дейін Константин Назаров Чех Республикасындағы Microsoft Office бағдарламасында стратегиялық бизнесті дамыту (Business Strategy Lead) директоры болып қызмет атқарды. Бас директордың лауазымында  ол жалпы басқаруға, бизнес стратегияларға, жеке және мемлекеттік ұйымдармен серіктестікке жауапты болып, технологиялар арқылы қоғам мен экономиканың дамуына Microsoft-тың қолдау көрсетуін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Microsoft-қа келгенге дейін Константин Назаров 4 жыл бойы Қазақстан мен Орталық Азиядағы General Electrics компаниясының бизнесін басқарды. General Electrics, Shell  және жетекші консалтингтік компанияларда бірқатар лауазымды қызметтерді атқарды. Ол Қазақстандағы Рудный индустриалды институтын тәмәмдап,  КИМЭП Университетінің іскерлік басқару магистрі (MBA) атанды.

Похожие материалы