Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға арналған міндетті пәндер құрамына ағылшын тілін енгізу жоспарланған. Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Біз қазір міндетті пәндердің бірі ретінде ағылшын тілін енгізбекшіміз. Ұлттық бірыңғай тестілеуді реформалауды жоспарлап отырмыз. Ресейде, 2021 жылдан бастап ағылшын тілі енгізіледі. Сондықтан, ағылшын тілінің міндетті пәндердің бірі ретінде енгізілуі мүмкін», - деді Т.Балықбаев.
Вице-министрдің сөзінше, ҰБТ тапсырмаларында логикаға қатысты сұрақтар қарастырылады. «Бірінші кезекте, біз нақты бір дәйектерді жаттап алудан логикалық тарапқа көшу арқылы ҰБТ-ны жетілдіруді жоспарлап отырмыз. Яғни, түлектеріміздің ойлау логикасын бағалаймыз. Ол үшін қазір біз жеке тапсырмаларды енгізіп жатырмыз», - деді ол.
Ол ҚР-да үш тілді білім беруді дамыту 2015-2020 жылдарға арналған "Жол картасы" аясында «Болашақ» бағдарламасының түлектерін білім беру ұйымдарында ұстаздық қызметке тарту, жоғары оқу орындары мен колледждерде мұғалімдерді мақсатты даярлау, мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру, студенттермен алмасу және еріктілерді тарту бағдарламасы арқылы шешілмек.