ОПЕК елдері делегациясы 20 наурыз күні мұнай нарығындағы жағдайды талқылау үшін Ресейде кездеседі. Бұл туралы Нигерияның мұнай министрі Эммануэль Качикву журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды vestifinance.ru.
"Егер осы кездесу болатын болса баға белгіленім жаңа қырынан көремз", - деген болжам айтады Качикву. Ал Иранның кездесуге келу келмеуі туралы түсініктеме берген жоқ.
"Саудтықтар мен ресейліктердің бәрі бір үстел басына жиналады деді ол. Сондай-ақ, бас қосуда мұнай өндіруші елдер биржадағы мұнай бағасын барреліне 50 доллар қалпына келтіру мәселесін талқылайтынын атап өтті.
Айта кетейік, 16 ақпанда Доха қаласында Сауд Арабиясы, Катар Ресей, Венесуэла мұнай деңгейін қалыпты сақтау туралы келісімге келген болатын.