Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда ыстық су мен жылу жүйесінің бағасы қымбаттады

Қазақстанда ыстық су мен жылу жүйесінің бағасы қымбаттады

2016 жылдың ақпан айында Қазақстандағы тұрғын-үй қызметі 2,8%-ға көбейді. Бірақ өткен жылдың ақпан айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 11,2%-ға артты деп хабарлайды статистика комитеті. 

Барлығына қарағанда кәріз жүйесі қымбаттаған. Бір жыл ішінде оның бағасы 7,1%-ға көбейді. Ыстық су бағасы ақпан айында 6,2%-ға, жылу жүйесі 5,9%-ға, қоқыс шығару 5,3%-ға, электроэнергия 3%-ға артты.

Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қызмет түрі де қымбаттады. Ақпан айында олардың орташа бағасы 2,1%-ға, өткен жылмен салыстырғанда 13,4%-ға жоғарылаған.

Сондай-ақ өткен айда темір жол транспорты қызметінің құны да қымбаттады. 2016 жылдың ақпан айындағы бағасы 3,2%-ға көбейсе, бір жыл ішінде ол бұл көрсеткіш 7%-ға артқан.

Жалпы алғанда ақылы қызмет түрінің бағасы мен тарифтері бір жыл ішінде 2,8%-ға қымбаттады.

Похожие материалы