Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

4 желтоқсанға арналған мұнай және металл бағамдары

4 желтоқсанға арналған мұнай және металл бағамдары

Алматы. 04 желтоқсан. 7kun.kz — Төртінші желтоқсанға арналған мұнай және металл бағамдарының бағасы анықталды.

Мұнай: АҚШ пен Қытайдың сауда дауы қанша мерзімге созылатын белгісіз деген қауіптерге байланысты сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы төмендеді. 22:48-де Лондондық ICE Futures биржасында Brent ақпан айындағы фьючерстердің құны бір баррель үшін 60,61 долларды құрады, бұл алдыңғы сессияның деңгейінен 0,31 долларға (0,51%) төмен. Нью-Йорк тауар биржасында қаңтар айына WTI фьючерстері 0,27 долларға (0,48%) - барреліне 55,69 долларға дейін төмендеді.

Металдар: сейсенбі күні кешке АҚШ-ның француз тауарларына баж салықтарын енгізу қаупіне және Вашингтонның Пекинмен сауда мәмілесі бойынша сақталып отырған белгісіздігіне байланысты алтын 1%-ға қымбаттады, деп жазады Прайм. 22:49-да Нью-Йорк биржасында алтынға ақпан фьючерсінің бағасы 15,95 долларға немесе 1,09%-ға, бір троялық унциясы үшін 1485,15 долларға дейін өсті. Күміске наурыз фьючерсінің құны 1,57%-ға, әр унциясы үшін 17,233 долларға дейін көтерілді.

Криптовалюталар: coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша, 22:50-де bitcoin 7 384,40 долларға саудаланды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптовалюта 1,19%-ға қымбаттады, ал оның капитализациясы 133,5 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum бағасы 1,15%-ға қымбаттап, 149,74 доллар тұрды. Бұл криптовалютаны капиталдандыру 16,2 млрд долларды құрады. Нарықтың жаһандық капитализациясы - 198,3 млрд доллар.

Похожие материалы