Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

4 жылда геологиялық барлауға 20 млрд теңге инвестиция тартылды

4 жылда геологиялық барлауға 20 млрд теңге инвестиция тартылды

Алматы. 29 сәуір. 7kun.kz – Инвесторлар 2018 жылы Қазақстанды геологиялық барлауға 3,5 млрд теңге салды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, төрт жылдың ішінде геологиялық барлауға 20 млрд теңге инвестиция тартылды.

«Бұдан басқа,  2019 – 2020 жж шетелдік инвесторлармен тағы 15 жоба бойынша геологиялық барлауды бастау жоспарлануда. «Қазгеология» АҚ таяу жылдары геологиялық барлауға тартылатын шетелдік инвестициялар сомасын  100 млн долларға жеткізуді жоспарлауда», – делінген хабарламада.

Бұл үшін қазіргі уақытта, Жапония, Иран, Түркия, Сингапур, Швейцария, Бразилия, Оңтүстік Африка, Сауд Арабиясы, Қытай, Австралия, Канада, Чили, Россия инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.

Похожие материалы