Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

4 жылға сотталған экс-Қаржы вице-министрі 2,5 айдан кейін босатылды

4 жылға сотталған экс-Қаржы вице-министрі 2,5 айдан кейін босатылды

Астана. 28 қазан. 7kun.kz – 4 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев 2,5 айдан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды 7kun.kz.

Елордалық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасы 2021 жылғы 3 желтоқсанда тиісті қаулы шығарды.

«Астана қаласы Есіл ауданының No2 аудандық сотының 2021 жылғы 23 қыркүйектегі Еңсебаев Руслан Сатбекұлына қатысты үкімі өзгертілсін. Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі бойынша айыппұл түрінде, параның елу бес еселенген сомасы мөлшерінде, 66 млн теңге сомасында жаза тағайындалсын», – делінген қаулыда.

Сонымен қатар сот Еңсебаевтың қамауда болған 81 күнін есепке алып, 66 миллион теңге айыппұлдан 945 108 теңге шегерді. Ол ақшаны бір айдың ішінде төлеуі керек. Еңсебаев қамаудан босатылды.

Айта кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде бұрынғы вице-министр Қаржы министрлігінің жобаларын цифрландыруды қарастыратын тендерде «Әл-Фараби Partners» ЖШС жеңіске жеткені үшін Байбосынов пен Бұхарбайдан 1,2 миллион теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылған болатын. Бірінші сатыдағы сот оған төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған еді.

Похожие материалы