Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

40-тан астам адамға несие алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

40-тан астам адамға несие алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — Шымкент қаласында полицейлер бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдіктіні ұстады. ІІБ Әл-Фараби ПБ-не оншақты қала тұрғындары бейтаныс әйелдің несие алып беруге көмектесемін деп қомақты ақшаларын алаяқтықпен алғаны туралы арызданған.

Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Қызылорда облысының тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған күдіктінің алаяқтықтың 40-тан астам жайтына қатысы барын анықтады. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 20 млн теңгеден астам болып отыр.

Қазіргі кезде аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауда. Әл-Фараби ауданының аумағында жыл басынан бері полиция қызметкерлерімен алаяқтықтың 50 жайты ашылып отыр. Негізінде, банктен несие әперумен оқуға түсіру, сондай-ақ, жұмысқа тұрғызу сияқты алаяқтық жайттары жиі кездеседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Похожие материалы