Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

43 ірі шетелдік компания Қазақстанға қоныс аудармақ

43 ірі шетелдік компания Қазақстанға қоныс аудармақ

Қазақстан. 21 шілде. 7kun.kz – Қазақстанға 43 шетелдік компания қоныс аудармақ. Бұл туралы «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Еуразия аймағындағы қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, 43 ірі шетелдік компания Қазақстанға қоныс аударуға дайын», – деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров.

Өткен жылы шетелдік серіктестер Қазақстан экономикасына 24 миллиард долларға жуық инвестиция салған, бұл бір жыл бұрынғыдан (17,2 миллиард доллар) 38% артық екені атап өтілді. Шетелдік инвестицияның 60%-дан астамы экономиканың шикізаттық емес секторына тиесілі.

«Honeywell ұзақ уақыттан бері Қазақстанда локализация бастамаларын іске асырғысы келеді. Қазіргі геосаяси жағдайды ескере отырып, компания ҚР-да аймақтық өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруда. Қандай да бір себептермен ресейлік нарықты тастап кеткен шетелдік компаниялар Еуразия кеңістігінде ықпалын сақтап қалғысы келеді. Қалай болғанда да, үлкен ойыншылар бір жерге негізделуі керек. Ал бүгінде осындай 265 мақсатты компания бар», - деді Айдаров Алматыда Honeywell (АҚШ) компаниясының құрастыру өндірісінің салтанатты ашылу рәсімінде.

Похожие материалы