Бостон марафонындағы террористік жарылыс туралы істі қарауды бастаған сотта Джохар Царнаевтың адвокаты өзінің қорғаушысының кінәсін мойындағанын мәлімдеді деп хабарлайды РБК.
Енді ол сот алқасына өлім жазасы күтіп тұрған Царнаевтың ағасы Тамерланның ықпалында болғандығын дәлелдеуге тырыспақ. Адвокат Джудит Кларктың сөзінше, Царнаевтың үлкен жарылыс жоспарлап, оны іске асыру үшін інісін де тартқан. "Тамерлан радикалды идеяларға бой алдырған. Джохардың артынан ерді", - деді қорғаушы сот кезінде.
Қазір Джохар Царнаевты жарылыстан кейін полицейді өлтірді деп айыптай отырып, тағы да 30 бап бойына кінә тағылып отыр.
Прокурордың мәлімдеуінше, жарылған бомбалар террорист барынша максимальды зардап шектіруге тырысқан кезде жиі қолданатын бомба типіне ұқсайды.
Еске салайық, 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон орталығындағы марафон кезінде мәреден алыс емес жерде уақыт аралығы 12 секундпен екі жарылыс болды. 3 адам қайтыс болып, 260-тан астамы жарақат алды. Америкалық билік жарылысты ағайынды Царнаевтар - 26 жасар Темірлан мен 21 жасар Джохар ұйымдастырды деп сенімділі білдірді. Терактіден бірнеше сағаттан соң Тамерлан Царнаев полициямен атыс кезінде өлтірілді, Джохар жарақат алып, тұтқынға түсті.