Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

5 миллионнан астам қазақстандық теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы ала алады

5 миллионнан астам қазақстандық теңгедегі депозиттер бойынша өтемақы ала алады

Астана. 20 қазан. 7kun.kz – Қазақстанда 5 миллионнан астам салымшы теңгедегі депозиттер бойынша 10%-дық өтемақы ала алады. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандық банктер жеке тұлғалардың 2022 жылғы 23 ақпанды қоса алғанда ашылған теңгедегі депозиттері бойынша 10% өтемақы төлеуге өтінім қабылдауды жалғастыруда.

ҚДКБҚ мәліметінше, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 5 миллионнан астам салымшының депозитіне өтемақы беріледі. Оның ішінде салымшылардың 97%-інде депозит мөлшері – 5 млн теңгеге дейін, басым бөлігі (86%) 1 млн теңгеге дейінгі депозитті құрайды.

«Егер сізде 2022 жылдың 23 ақпанына дейін депозит ашылған болса, сіздің бұл сыйлықақыны алуға құқығыңыз бар», - деді ҚДКБҚ төрағасы Әділ Өтембаев.

Өтемақы алу үшін салымшы 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін өтініш беру керек. Кейбір банктерде өтінішті онлайн беруге болады.

Банктер өтемақының өзін 2023 жылдың 23 ақпанынан кейін аудара бастайды.

Өтемақы жинақ, мерзімді, мерзімсіз, сондай-ақ білім беру жинақтау салымдары мен тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесіндегі депозиттерге беріледі.

Похожие материалы