Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

6-13 шілде аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

6-13 шілде аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Алматы. 16 шілде. 7kun.kz – 2018 жылғы 6 шілдеден 13 шілде аралығында  Қазақстан теңгесі айтарлықтай өзгеріссіз саудаланды, 13 шілдедегі сауда-саттық қорытындылары бойынша бағам бір АҚШ доллары үшін 343,45 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан аталған  кезеңде маңызды оқиғалар АҚШ билігінің құны 200 млрд. АҚШ доллары құрайтын кейбір қытай тауарларына қосымша  баж салығын енгізу мүмкіндігі және АҚШ-тың  президенті Д.Трамптың премьер-министр Тереза Мэймен кездесуі кезінде Ұлыбританияның  Еуроодақтан шығуына және елдер арасындағы сауда-саттық қатынастарға қатысты түсініктемесі, АҚШ-тың инфляцияның өсуі бойынша  экономикалық деректерді жария етуі, ЕОБ, ФРЖ өкілдерінің және Жапония Банкінің монетарлық саясат және экономикалық тұрақтылыққа қатысты түсініктемелері болды. Осы факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ долларының біраз нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Түрік лирасы үкіметтің басты қызмет орындарында саяси ауыс-күйіс жүргізу арқылы президенттік биліктің шоғырлануын ұлғайту, сондай-ақ Орталық банк басшысын және оның орынбасарларын жеке өзі тағайындау бойынша президент өкілеттіктерін кеңейту туралы жарлық  аясында 5,9%-ға  (4,57-ден 4,84-ке  дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы  бір апта ішінде айтарлықтай өзгеріссіз бір АҚШ доллары үшін 14 375-14 378 рупий шегінде саудаланды;
  • Бразилия реалы 0,3%-ға (3,86-дан 3,85-ке  дейін) нығайды;
  • Үндістан рупиясы 0,5%-ға (68, 88-ден 68,53-ке дейін) нығайды;
  • Мексика песосы 0,8%-ға  (19,04-тен 18,89-ға дейін) нығайды;
  • Ресей рублі 0,9%-ға (62,99-дан 62,45-ке дейін) нығайды.
  • Оңтүстік Африка ранді талдаушылардың болжамы 0,4% болғанда, мамыр айында өнеркәсіптік өндірістің 1,5%-ға өсуі бойынша экономикалық деректердің жария етілуі аясында 1,5%-ға (13,47-ден 13,27-ге дейін) нығайды.

Похожие материалы