Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

6 облыста инфляция орташа республикалық деңгейден жоғары

6 облыста инфляция орташа республикалық деңгейден жоғары

Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz - Өңірлер тұрғысынан алғанда, Қазақстанда жыл басынан бері 10 өңірде инфляция орташа республикалық көрсеткіштен төмен деңгейде. Ал, 6 өңірде, керісінше, жоғары.

«2017 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда инфляцияның екі құрамдауышы бойынша баға өсуінің бәсеңдегені байқалып отыр: азық-түлік тауарларына –2,2 пайыз, азық-түлік емес тауарларға –1,3 пайыз құрады. Сонымен қатар, ақылы қызметтерге бағалар мен тарифтер 2017 жылдың деңгейінде – 1,7 пайызда сақталды», — деді ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Қарақұмыққа – 12,6 пайыз, жұмыртқаға – 1,1 пайыз, күрішке – 1 пайыз және күнбағыс майына 0,2 пайыз бағалар төмендеді. Сондай-ақ, қырыққабатқа, картопқа, пиязға, жемістерге, темекі бұйымдарына бағаның өскені байқалады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарларда бағаның ең төменгі өсуі (1,3 пайыз) байқалды. Бірқалыпты қарқынмен (1,7 пайыз) ақылы қызметтердің бағасы өскен. Ақылы қызметтер ішінде ең жоғары баға өсімі құқықтық және пошта қызметтерінде тіркелген. Сонымен қатар, әуе көлігі қызметтеріне (8,5 пайыз) және көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуде (3,4 пайыз) бағаның айтарлықтай төмендегені байқалады.

Өңірлер тұрғысынан алғанда, жыл басынан бері 10 өңірде инфляция орташа республикалық көрсеткіштен төмен деңгейде.

Сонымен қатар, 6 өңірде инфляция орташа республикалық деңгейден жоғары. Бұл Солтүстік Қазақстан (2,5 пайыз), Павлодар (2,3 пайыз), Қызылорда (2,3 пайыз), Шығыс Қазақстан (2,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан облыстары (1,9 пайыз) және Алматы қаласы (1,9 пайыз).

«Инфляцияның жаңа аралығынан (5-7 пайыз) асып кетпеу үшін, көрсетілген өңірлер баға өсуін тежеу мақсатында қажетті шараларды қабылдауы қажет. Басқа өңірлер инфляцияның төменгі қарқынын сақтауы керек», — деді Тимур Сүлейменов.

Похожие материалы