
Ішкі істер министрлігі ақпарат және коммуникациялар министрлігінің көмегімен 61 интернет-ресурсты бұғаттады деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасаған sputniknews.kz.
"Биыл алғашқы үш айда ІІМ есірткінің заңсыз айналымына қатысты 94 интернет-ресурсты анықтады, олардың алтауы Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан және 89 — өзге елдердің аумағында", — деп жазды Сәдубаев әлеуметтік желіде.
Оның берген мәліметіне сүйенсек, ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесе отырып 61 сайт бұғатталған. Анықталған интернет-ресурстардың 84-і синтетикалық есірткілерді тарату туралы ақпаратты қамтыған.
Дінмұхаммед Алдаберген