Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстандық Сбербанктің Директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

Қазақстандық Сбербанктің Директорлар кеңесінің төрағасы ауысты

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — «Сбербанк» АҚ Еншілес банкі диеректорлар кеңесінің шешімімен Наталья Лазарева Директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның қор биржасы хабарлады.

Бұған дейін аталмыш банктің директорлар кеңесінің төрағасы Светлана Сагайдак еді. Ол 2017 жылдың 21 ақпанынан бастап қызметінен кетеді, делінген хабарламада.

Сбербанктің Бақылау кеңесінің шешімі бойынша Светлана Сагайдак  төрағалық лауазымынан өз еркімен босатылған. Сонымен қатар, банктің KASE-ге жолдаған баспасөз хатында С.Сагайдак пен халықаралық Сбербанк тобы арасында жасалған келісімшарттың күші 2017 жылдың 1 наурызында аяқталатыны айтылған.

Сбербанк АҚ Президенті және Басқарма төрағасы Герман Греф "Светлана біздің халықаралық тобымызды күшейтіп, еншілес банктердің көрсеткішін жоғарылатты. Сонымен қатар, банктің ұжымдық клиенттермен қарым-қатынасын жақсартты. Жалпы команданың атынан оған адал қызметі үшін алғыс айтамын", - деді.

Светлана Сагайдак Сбербанк құрылымында 9 жыл жұмыс істеді. Баспасөз хатында көрсетілген ақпарат бойынша осы уақыт аралығында ол өзін әртүрлі басқарушы лауазымдарда жаңашыл көшбасшы ретінде көрсете алған.

Бұған дейін 7kun Светлана Сагайдактың соңғы рет бұл қызметке 2016 жылдың 30 желтоқсанында тағайындалғанын хабарлаған болатын.

Похожие материалы