Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада кәсіпкерлерге бөлінген қаражат игеріле бастады

Астанада кәсіпкерлерге бөлінген қаражат игеріле бастады

Алматы. 31 наурыз. 7kun.kz - Астана әкімдігі мен "Даму" қоры кәсіпкерлікті дамыту үшін бөлген 1,5 млрд теңгенің 1 миллиарды Қазком арқылы игеріледі. Қазіргі кезде банк 250 млн теңге көлеміндегі алғашқы траншын алды. Бұл туралы "Даму" қорының баспасөз қызметі хабарлады.

"Ал қалған 500 млн теңге «АТФ Банк» АҚ, «Forte Bank» АҚ, «ВТБ Банк» АҚ ЕБ арасында бөлінеді. Қаржыландырудың басты шарты: кәсіпкерлерге арналған кредиттің пайыздық мөлшерлемесі 8,5 пайыз болуы. Қарыз 100 млн теңгеге дейін беріледі", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Бұл қаражат "Астана Start-up" пен "Астана-Бизнес" бағдарламаларына арналған.

Кредиттеудің басты мақсаты - франшиза сатып алуға лицензия алу. Бұл жерде ешқандай салаға шектеу қойылмаған.

Кредиттеу мерзімі: франшиза алу - 7 жылға дейін, негізгі қаражатты алу мен оны модернизациялау - 7 жылға дейін, айналымдағы қаражатты толықтыру - 3 жылға дейін.

"Астана-Бизнес" бағдарламасына қатысушы кәсіпкерлер кепіл мүлік жетіспеген жағдайда "Даму" қорына өтініш жаза алады. Сонымен қатар, Астана әкімдігі мен "Даму" қоры бірігіп «Астана Start up» бағдарламасына 500 млн теңге бөлді.

Ол бойынша Қазкоммерцбанк 250 млн теңге көлеміндегі бірінші траншты алды. Бұл бағдарламаны қаржыландырудың шарты: кәсіпкерлерге арналған кредиттің пайыздық мөлшерлемесі 7,9 пайызды құрауы керек. Қарыз 50 млн теңгеге дейін беріледі.

Похожие материалы