Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Яндекс қазақстандықтардың танысу сайттарына жұмсайтын шығынын есептеді

Яндекс қазақстандықтардың танысу сайттарына жұмсайтын шығынын есептеді

Алматы. 31 наурыз. 7kun.kz - Яндекс қазақстандықтардың танысу сайттарындағы әр түрлі опцияларға қалай қаржы төлейтінін зерттеді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтар танысу сайттарына ең көп қаржыны қыста жұмсайды екен. Ал онлайн-танысулардың ең төменгі деңгейі көктемде байқалған. Қазақстан тұрғындарының ең көп ақша кетіретін  сайттары: LovePlanet, Mamba, "Теамо", MyLove, eDarling және Mahabbat.kz.

Талдау нәтижесі бойынша, қолданушылардың белсенділігі жыл маусымына байланысты. Онлайн-танысудың шарықтау шегі қантарға келеді. Мұндай қосымшаларға ең көп қаражат жұмсалатын уақыт – маусым айы. Ал сәуірде мұндай қызметке қызығушылық төмендейді. Қолданушылардың күнделікті жұмсайтын қаражаты орта есеппен 2 624 теңгені көрсетті. Ал бір жылдың ішінде бұл көрсеткіш бір жарым есе өсті.

Әр түрлі алаңдардағы орташа төлемде біршама айырмашылық бар.

Мысалы, eDarling – 8738 теңге, Mahabbat.kz – 7510 теңге, "Теамо" – 5539 теңге, LovePlanet – 2736 теңге, Mamba сайтына  – 1759 теңге кетірсе, MyLove қызметіне – 882 теңге төлейді. Әдетте, адамдар мұндай желілерде тіркелу үшін, VIP-статустар үшін, анкетаның алға жылжуы мен сыйлықтар үшін және «көрінбейтін» режимге ауысу үшін ақы төлейді.

Зерттеу 2016 жылдың ақпаны мен 2017 жылдың наурыз айына дейінгі уқытта яндекс кассалары арқылы төлем жасаған қолданушылар арасында жүргізілді. Онда Қазақстанның барлық қалаларындағы тұтынушылар есепке алынды.

Похожие материалы