Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz - Жапонияда 1 сәуірден бастап биткоин мен басқа да криптовалюталар заң жүзінде төлем құралдары статусына ие болды. Бұл туралы Nikkei хабарлады.
Lenta.ru хабарлағандай, виртуалды валютаның қызметін бақылайтын ешқандай ереже жоқ. ал оның курсы тез өзгеріп отырады. Осындай қиындықтар кездескен соң ғана әлемде криптовалюталарды мойындай бастады. Сондықтан Жапонияның Аудиторлық стандарттар кеңесі криптовалюта айналымын реттейтін шарттарды дайындап жатыр. Құжаттарды дайындауға кемі 6 ай қажет.
"Виртуалды валюталарды сақтап отырған компаниялар, олардың бағасын бұрмалап көрсетіп, соның есебінен кейін орны толмас шығынға ұшырауы мүмкін", - деді PricewaterhouseCoopers Aarata-ның серіктесі Тикако Судзуки.
Биткоинмен қоса Ripple, Litcoin секілді басқа да валюталардың ішкі айналымы Жапонияның өзінде 2015 жылы 185 млрд йен (1,67 млрд доллар) болған, деп жазады Nikkei. 2020 жылға қарай бұл көрсеткіш триллион йенге дейін жетуі мүмкін деп жоспарлап отыр.
2 наурызда биткоин бағасы сауда барысында 1238 долларға жеткен. Бұл тарихтағы ең жоғарғы көрсеткіш болды.
Осыған дейін битконның құны бұдан да жоғарылай беруі мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Биткоин — криптовалюта, ол blockchain технологиясының негізінде жасалған.