Алматы. 3 сәуір. 7kun.kz – Қазақстан қор биржасы (Биржа, KASE) бесінші жыл қатарынан Global Money Week аясында балалар мен жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін іс-шара ұйымдасытырады. Бұл туралы KASE хабарлады.
2017 жылы студенттер арасындағы «Биржа симуляторы» жобасы да Global Money Week аясында өтеді. Бұл шараны Қазақстанның қор биржасы мен «Ирбис» қаржы нарығы агенттігі өткізеді.
«Биржа симуляторының» ашылу салтанатында KASE-нің басқарма мүшесі Қайрат Тұрмағамбетов: «Адам баласы қаржылық мақсаттарын анықтау мен қаражатын тиімді жұмсауды қаншалықты ерте үйренсе, үлкен өмірге анағұрлым дайын болып аяқ басады. Қаржылық сауаттылық бюджетіңді тиімді басқаруды үйретеді, демек мүмкіндіктерге жол ашылады», - деді.
Есеріңізге сала кетейік, 2016 жылы «Бүкіләлемдік ақша апталығында» ұйымдастырылған іс-шараларға 130 елдің 7 млн балалары мен жастары қатысқан.
2017 жылы «Бүкіләлемдік ақша апталығы» 27 наурыз бен 2 сәуір арасында өтті.
Global Money Week – мектеп оқушылары мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған халықаралық іс-шара. GMW-дің мақсатты аудиториясы 10-25 жас аралығындағы жастар мен балалар.