Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ОҚО-да сиыр сауатын робот өндіріс көлемін 8 тоннаға жеткізді

ОҚО-да сиыр сауатын робот өндіріс көлемін 8 тоннаға жеткізді

Алматы. 3 наурыз. 7kun.kz - Ордабасы ауданындағы «Бөрте Милка» сүт-тауарлық фермасы   өндірісті модернизациялау шеңберінде швед технологиясы бойынша сауу цехын іске қосты. Нәтижесінде өндіріс көлемі тәулігіне 8 тоннаға жетті. Бұл туралы ОҚО баспасөз қызметі хабарлады.

Ферма Швецияныӊ "DeLaval" компаниясыныӊ озық технологиясын пайдалана отырып салынған.  Кәсіпорын республика бойынша еӊ заманауи сүт-тауарлық фермалардыӊ алғашқы үштігіне кіреді.

Компания кешені толығымен роботтандырылған. Онда қазіргі уақытта  408 бас сауын сиыр бар.  Үш мезгіл сауылатын бір ірі қараның тәуліктік орташа өнімділігі 30-32 литр.

Сүт-тауарлық фермасында 6 робот-сауыншы, автоматтандырылған көӊ алғыш құрал-жабдық, жемдеу үстелі, салқындату, метеостанциялы желдеткіш, сиырлардыӊ күйлілігін анықтау камералары орналасқан. Негізгі 400 басқа есептелген кешеннің инвестициялық көлемі 9,4 млрд. теңге. Бұл кешен облыста сүт өндірісін жаӊа деӊгейге көтеруге және импорттық өнімге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мұнда 6 мал дәрігері, 2 тұяқшы, 2 ұрықтандырушы жұмыс істейді. Сиырлардың құлағында чип орнатылған. Сауын орнына осы чип арқылы кіріп шығады.

Айта кетейік, облысқа жылына 738,4 мың тонна сүт және сүт өнiмдерi қажет.  Қазіргі күні нақты өндiрiлетiнi – 740,6 мың тонна. Облыс бойынша iрi, орта және шағын сүт өндiрушi 61 агроқұрылым жұмыс iстеп жатыр.

Похожие материалы