Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Оңтүстікте түйе сүтінен йогурт дайындалады

Оңтүстікте түйе сүтінен йогурт дайындалады

Алматы. 4 сәуір. 7kun.kz - Созақ ауданының кәсіпкерлері түйе сүтін өңдеп, дамытудың жаңа жолын қарастырып жатыр. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аудан орталығы - Шолаққорған ауылындағы «Аруана» ауыл шаруашылығы өндірістік коорперативі мұндай кәсіп түрімен айналысып жүрген бірден-бір кәсіпорын. Кооператив түйе сүтінен бөлек, сиыр сүтін де қабылдайды. Қазігі уақытта шұбат, сиыр сүті, айран және қаймақ әзірлеп, жергілікті дүкендерге жөнелтіп жүр. Серіктестік таяуда сүттен йогурт пен кілегей әзірлеп, саудалауды қолға алмақшы.

«Алғашқы кезде 500 литрге лайықталған өнім дайындадық. Қазіргі шұбат өңдеу мүмкіндігі тәулігіне 1 тоннаға дейін жетіп отыр. Осылайша, ісімізді жолға қойып келеміз. Жақын арада, аудандағы уран өндіру кәсіпорын жұмысшыларына 0,5 литрден шұбат жеткізіп отыруға келісім жасадық», - дейді «Аруана» өндірістік коорперативінің төрағасы Жанболат Әдишов.

Кооператив жетекшілігі жаңа цех орналасатын ғимаратты дайындап, жөндеу жұмыстары мен сүт өңдейтін құрылғы алу үшін «ЫРЫС» МҚҰ» ЖШС-нен 12 млн теңге несие алды. Ұжым алдағы уақытта түйе сүтін өңдеудің тәуліктік қуатылығын 5 тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, қазіргі уақытта Созақ ауданында 10 мыңға жуық түйе бар.

Похожие материалы