Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астанада көп бөлмелі пәтерлер арзандады

Астанада көп бөлмелі пәтерлер арзандады

Астана. 4 cәуір. 7kun.kz – Орташа есеппен Астанадағы үйлердің шаршы метрінің бағасы 352 мың теңгеге немесе 1119 долларға дейін төмендеген. Бұл туралы kn.kz сараптама қызметі хабарлады.

2017 жылдың 27 наурыз бен 2 сәуір аралығында Астананың тұрғын үй нарығындағы моноторинг бойынша қайталама нарықтағы  екі-үш және көп бөлмелі  тұрғын үйлердің бағасының төмендеуі байқалған.

 Портал мәліметі бойынша бір апта ішінде бір бөлмелі пәтерлер 3 пайызға (13,6 млн теңгеге дейін), екі бөлмелі – 4 пайызға (20,8 млн теңгеге дейін), үш бөлмелі – 4,6 пайызға (30,8 млн теңгеге дейін) арзандаған.

Соған орай бес бөлмелі пәтерлер 10 пайызға дейін  төмендеген (87 060 400 теңгеге дейін). Сондай-ақ жоғары сападағы тұрғын үйлердің шаршы метрінің қала бойынша орташа бағасы 490 мың теңге, қайталама нарықтағы тұрғын үй 247 мың теңге деңгейінде.

Қала бойынша пәтер құны орташа есеппен 25 602 000 теңгеге жеткен(-4,73 пайызы).

 

 

Похожие материалы