Алматы. 6 сәуір. 7kun.kz - 2016-2017 жылдары қаржы институттарының есепшотынан ақша ұрлағаны үшін 8 хакер сотталған. Бұл туралы Тengrinews.kz жазды.
Қазақстанның ішкі істер департаменті хакерлердің бұл әрекеті ҚР ҚК "Ақпаратқа заңсыз жолмен қол жеткізу арқылы ұрлау немесе ақпаратты өзгерту" туралы 188-бабының 2-бөлім, 4-тармағымен анықталатынын айтты.
ІІД баспасөз қызметіндегілер "Аталған бап бойынша 2016 жылы 36 факт тіркеліп, оның жетеуі өндірілген. Ал 2017 жылы 18 факт тіркеліп, оның біреуіне қатысты қылмыстық іс аяғына дейін жеткен", - деді.
Ведомстводағылардың айтуынша, 2016 жылы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы әртүрлі мүлік ұрлау фактісімен 20 адамнан тұратын қылмыстық топ ұсталып, олардың ішінен 2 хакер 7,6 жылға бас бостандығынан айырылған.
Осыған дейін Қазақстандық 6 банкке: Халық банк, Қазкоммерцбанк, Альфа-банк, Сбербанк, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредитке кибершабуыл жасалғанын жазған едік.