Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі 7 сәуірге арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 312,94 теңге, 1 еуро — 333,69 теңге, Ресей рублі — 5,55 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 390,02 теңге, жапон йені— 2,83 теңге, 1 қытай юаны — 45,47 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,57 теңге, 100 өзбек сумы— 8,66 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 6 сәуірде ресми валюта бағамын бекіту кезінде 312,94 теңге деңгейінде нақтыланды. Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.