Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар бюджетке 182,8 млрд теңге салық төлеген

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорындар бюджетке 182,8 млрд теңге салық төлеген

Алматы. 7 сәуір. 7kun.kz - «Даму» Қорының қолдауына ие болған кәсіпорындар 2016 жылы бюджетке 182,8 млрд теңге салық төлеген. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

"Даму" қорының мәліметтері бойынша, бұл көрсеткіш 2013 жылмен (91,9 млрд тенге) салыстырғанда екі есеге артық.

«2016 жылы кәсіпкерлер республикалық бюджет есебінен 31,8 млрд теңгені субсидия түрінде алған. Ал олардың төлеген салық көлемі 182,8 млрд теңгеге жетті. Яғни 1 теңге субсидия бюджетке 5 теңге салық болып қайтқан»,-дейді Қордың субсидиялау департаментінің директоры Тоғжан Алмантаева.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша субсидияланып, кепілдеме алған шағын және орта бизнес кәсіпорындары 2013-2016 жылдар аралығында 40 мыңға тарта жаңа жұмыс орындарын ашқан.

Қор таратқан хабарламада "2016 жылы олар 2,6 млрд теңгенің өнімін шығарған. Бұл 2013 жылмен (1,1 млрд тенге) салыстырғанда 50%-ға артық" екендігі жазылған.

Сонымен қатар, «Даму» Қорының кепілдігін алған жобалар саны 2016 жылы 951-ге жетіп, 12 млрд теңгені құрады. Ал 2013 жылы тек 148 жоба болған еді.

«Әсіресе, ауылды жерлерде кепілдік беру мәселесі өзекті. Себебі онда банк филалдары алшақ орналасқан немесе кепілзат ретінде зәулім ғимарат, қомақты дүние қоюды талап етеді»,-дейді кепілдендіру департаментінің директоры Нұрым Мұсаев.

Бүгінгі таңда "Даму" Қоры арқылы берілген кепілдеменің жалпы құны 42,5 млрд теңгені құрайды.

Похожие материалы