Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Словенияның Марибор қаласындағы Pobrezje бейітінде әлемдегі тұңғыш «ақылды» құлпытас пайда болды. Инновациялық құлпытас қайтыс болған адам жайлы ақпарат беретін экранмен жабдықталған. Бұл туралы islam.kz жазды.
Адам қабірдің басына жақын келгенде плитада қимыл-қозғалыс тетігі іске қосылып, сенсорлы экран пайда болады. Одан қайтыс болған адамның фотосуретін, қайтыс болған адам бейнеленген видеоны көруге және оның өмірбаянын оқуға болады. Жобаны ойлап тапқан Bioenergija компаниясы өкілдерінің айтуынша, экраннан су өтпейді, өйткені арнайы жабынмен қапталған. Компания мамандары арнайы мобильді қосымша жасап жатыр. Оның көмегімен «ақылды» құлпытастағы мәліметті өзгертуге, толықтыруға және т.б. болады. Бұл инновациялық жобаның құны 3 мың доллардан астам.