Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«БЖЗҚ» АҚ телеграм-арнасын іске қосты

«БЖЗҚ» АҚ телеграм-арнасын іске қосты

Алматы. 11 сәуір. 7kun.kz -  – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Telegram-да өзінің ресми ақпараттық арнасын іске қосты. Енді қазақстандықтарға зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ қызметі жайлы жаңалықтарды қарау оңай болады. Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«БЖЗҚ» АҚ қызмет сапасын жақсартуға және азаматтар үшін ақпарат алудың қосымша, оңай жүйесін іске қосты.

Енді арнаның әрбір оқырманы Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі, жаңа өзгерістер және БЖЗҚ қызметі туралы маңызды ақпараттарды шұғыл оқи алады.

Арнаға жазылу үшін компьютерде «Telegram Desktop» бағдарламасы арқылы немесе Android, iOS, Windows Phone платформаларында Telegram мессенджерінің ұялы қосымшасына орнатылған web.telegram.org сілтемесі бойынша тіркелу қажет.

Telegram тегін таратылады. Қосымша орнатылған соң, телефон нөмірі арқылы тіркелесіз.

«БЖЗҚ» АҚ телеграм-арнасына жазылу үшін компьютер немесе ұялы телефондағы браузер арқылы https://telegram.me/enpfkz сілтемесіне басу керек. Сілтемені «Web Telegram» сілтемесі, «Telegram Desktop» бағдарламасы немесе ұялы қосымша арқылы ашуға болады. Бұдан кейін «Join» («Қосылу») түймешігін бассаңыз жеткілікті.

Айта кетелік, қазақстандықтар зейнетақы жүйесімен БЖЗҚ қызметі туралы маңызды ақпараттарды Қордың www.enpf.kz ресми сайты, одан басқа Қордың Facebook, ВКонтакте, Twitter, Одноклассники және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшалары, сондай-ақ ENPF ұялы қосымшасы арқылы да ала алады.

Похожие материалы