Қазақстандық Bek Аir әуекомпаниясы Алматы мен Астанадан Павлодарға ұшатын күнделікті рейстер шығаруда. Билеттердің бағасы екі қаладан да 10 мың теңгені құрайды.
Десе де, әуежайдағы жинақ айырмашылығынан елордалықтарға қарағанда Алматылық тұрғындарға Павлодарға бару тиімдірек. «Астанадан Павлодарға баратын рейс аптасына екі рет - дүйсенбі және сәрсенбі күндері жүргізіледі. Билет құны - 11 240 теңге. Ал, Алматыдан қатынайтын рейс дүйсенбі және жұма күндеріне жоспарланып отыр. Бағасы - 10 497 теңге», — деп түсіндірме берді компания қызметкерлері.
Павлодар мен Астана арасы 445 км, Павлодар-Алматы арасы - 1443 км.Bek Air «Гражданские самолеты Сухого» (ГСС) атты ресейлік компаниямен Sukhoi Superjet 100 сериясымен шығарылған жеті ұшақты жеткізуге келіскен болатын. Алдағы 2-3 жылға жоспарланған ұшақтардың үшеуі 2015 жылы және төртеуі 2016 жылы тасымалданады. Бүгінде Bek Air Қазақстан бойынша 14 бағытта қатынап, жылына шамамен, 500 мыңдай адамды қажет жеріне жеткізіп келеді.