Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қасымов: Алдын алмаса Астананы да үш күнде су басады

Қасымов: Алдын алмаса Астананы да үш күнде су басады

Алматы. 18 сәуір. 7kun.kz - Үкімет отырысында ҚР ІІМ Қалмұханбет Қасымов Астана су қоймасынан шығарылып жатқан судың көлемі 40 текше метрден 1200 текше метрге дейін көбейтілгенін, соның әсерінен Ақмола облысы Аршалы ауданындағы бір елді-мекеннің су астында қалғанын айтты.

"Астананы да су шайып кетпеуі үшін арнасынан шыққан суды контр реттеуішке айдап жатыр. Бірақ ол жалпы көлемі 450 млн текше метр су сақтауға ғана арналған. Бүгінге дейін онда 132 млн текше метр су жиналды.  Егер су қоймасынын шығып жатқан судың көлемі азайтылмаса, контр реттеуіштің өзі алдағы үш күнде толып, оған жарылып кету қаупі төнеді», - деді Қасымов.

Ол шекетен тыс келіп жатқан суды Астана мен оның айналасындағы елді-мекендер арқылы жіберіп, төніп тұрған қауіптің алдын алу қажеттігін айтты.

"Аталмыш сұрақтарды Астана әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп талқылап жатырмыз», - деп қорытындылады министр.

Похожие материалы