Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Мұхамедиұлы мәдени жоспарды орындай алмады

Мұхамедиұлы мәдени жоспарды орындай алмады

Астана. 18 сәуір. 7kun.kz - ҚР Мәдениет министрлігі мақсатты индикатор көрсеткіштеріне қол жеткізе алмаған. Бүгін Үкімет отырысында ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осы мәселеге түсінік беріп, «қазақстандықтарды тіпті қыста зообақтар мен ботаникалық бақтарға баруға ынталандырамын» деп уәде берді.

Оның айтуынша, қыс мезгілінде суық болғандықтан елдің аттракциондарға мініп, зообақ аралауға зауқы соқпайды екен. «Туризм саласында ең жақсы маусым – жаз бен күз. Біз жыл соңына дейін барлық көрсеткішті орындаймыз. Екінші кемшілігіміз театрлар мен музей, ботаникалық бақ және басқаларға бару көрсеткіші. Біз индикаторлар мен әдістемелерге қарсы емеспіз. Бірақ қаңтар, ақпан, наурызда аттракциондарға бару өте қиын-суық. Сондай-ақ зообақ, ботаникалық бақтарға, сондай-ақ қаңтарда аттракциондарға бару қиын», - деді Мұхамедиұлы.

Үкімет басшысы оның сөзін бөліп « Жазда ыстық, қысқта суық. Енді не істейміз?», деп сұраған еді, «Біз әрине қыста зообақтарға, ботаникалық баққа баруға тырысамыз. Алайда өте қиын», - деп жауап берді министр.

Оның бұл жауабына залда отырғандар ду күлді. Күлкісін тия алмаған Үкімет басшысы мақсатты индикаторларға қол жеткізу маңызды екендігін айтып, жұмыс істеу керектігін ескертті.

Похожие материалы