Астана. 19 сәуір. 7kun.kz - 2017 жылғы 1 қаңтарға зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің саны 2370,5 мың адамды, бос жұмыс орындар саны 22 мыңнан асты. Бұл туралы статистика комитетінің «Ірі және орта кәсіпорындардағы кадрларға қажеттілігі және саны туралы есеп» зерттеуінде жазылған.
Бос орындардың басым көпшілігі «біліктілік деңгейі жоғары мамандар» қызметтің кәсіпкерлік тобы бойынша белгіленді – 5412 бірлік, бос жұмыс орындарының жалпы санынан олардың үлесі 24,5% құрады, «біліктілік деңгейі орта мамандар» - 3505 бірлікті, «Ірі және ұсақ өнеркәсіп кәсіпорындарының, көркем кәсіптердің, құрылыстың, көліктің, байланыстың, геологияның және жер қойнауын барлаудың білікті қызметкерлері» кәсіптік топ бойынша бос орындар саны 3206 бірлікті, «біліктілігі жоқ жұмысшылар» – 3098 бірлікті құрады.
Есепті кезеңге қызметкерлерге күтілетін қажеттілік 14336 адамды, қызметкерлердің тізімдік санындағы олардың үлесі 0,6% құрады. Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер (707 адам), білім беру (282 адам) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (272 адам) салаларындағы ұйымдардың біліктілік деңгейі жоғары мамандарға сұранысы көп.
Есепті кезеңнің басына бос жұмыс орындар саны, бірлік | Есепті кезеңге қызметкерлерге күтілетін қажеттілік, адам | оның ішінде | |||
мемлекеттік меншік | жеке меншік | шетелдік меншік | |||
Барлығы | 22 112 | 14 336 | 2 068 | 9 845 | 2 423 |
Ауыл, орман және балық шаруашылығы | 537 | 1 536 | x | x | - |
Өнеркәсіп | 5 242 | 2 093 | 58 | 1 483 | 552 |
Құрылыс | 1 134 | 2 762 | - | 2 099 | 663 |
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеу | 1 149 | 1 171 | - | 909 | 262 |
Көлік және қоймалау | 4 095 | 1 204 | 65 | 971 | 168 |
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер | 417 | 525 | - | x | x |
Ақпарат және байланыс | 776 | 221 | x | 116 | x |
Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар | 239 | 111 | - | 111 | - |
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет | 715 | 1 105 | 173 | 659 | 273 |
Әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет | 2 249 | 1 560 | x | x | - |
Білім беру | 762 | 360 | 256 | 104 | - |
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер | 4 040 | 1 213 | 1 137 | 76 | - |
Өнер, ойын-сауық және демалыс | 757 | 475 | 98 | 377 | - |
Экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде бос жұмыс орындарының едәуір көп саны өнеркәсіпте – 5242 бірлік, көлік және қоймалау саласында – 4095 бірлік, ең азы жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларында – 239 бірлік қалыптасқан. Құрылыста (2762 адам), өнеркәсіпте (2093 адам) және әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметте (1560 адам) кадрларға едәуір көп тапшылық белгіленді және көрсетілген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметкерлерге күтілетін қажеттіліктегі үлесі 55,5% құрады.
Жеке меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда қызметкерлерге күтілетін қажеттілік жалпы 2017 жылға 9845 адамды құрады, одан құрылыста – 2099 адам, өнеркәсіпте – 1483 адам, көлік және қоймалау саласында – 971 адам. Мемлекеттік меншік нысандағы кәсіпорындар мен ұйымдарда басым көп қажеттілік денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласына келеді (1137 адам). Мемлекеттік меншік нысандағы кәсіпорындардың қызметкерлерге жалпы күтілетін қажеттіліктегі үлесі 55,0% құрады.