Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҚазМұнайГаз "ҚазТрансОйл" компаниясынан 53 млрд теңге пайда тапты

ҚазМұнайГаз "ҚазТрансОйл" компаниясынан 53 млрд теңге пайда тапты

Алматы. 19 cәуір. 7kun.kz - ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 90 жарғылық капиталына ие болғандықтан, 2016 жыл үшін 53,66 млрд теңге дивиденд алады.

"ҚазТрансОйл" АҚ директорлар кеңесі 2016 жылы түскен 44,5 млрд теңге таза пайданы және алдыңғы жылдары игерілмей қалған 15,1 млрд теңгені дивидендке жұмсауды ұсынды.

Демек, 2016 жыл үшін компания жалпы көлемі дивиденд төлейді. Сәйкесінше, оның 1 қарапайым акциясының дивидендті 155 теңге болады.

Қазкоммерц Секюритиз аталмыш компанияның акциялары (дивиденд сомасының өзгерістерін есептемегенде) 12 ай ішінде 1540 теңгеге дейін жетуі  мүмкін екенін айтады.

"Алдыңғы есептерімізде жариялағандай біз ҚазТрансОйл дивидендтердің сомасын арттырып, әрбір акцияға 145 теңге дивиденд төлейтін болады деп болжаған едік. Бірақ дивидендтік төлемдер біз ойлағаннан да асып түсті", - дейді инвестбанктегілер.

Сонымен бірге, Қазкоммерц Секьюритиз "ҚазТрансОйл" акцияларын сатып алуға кеңес береді.

Похожие материалы