Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ХВҚ: Венесуэланы 2000 пайыздық инфляция күтіп тұр

ХВҚ: Венесуэланы 2000 пайыздық инфляция күтіп тұр

Вашингтон. 19 сәуір. 7kun.kz - Венесуэладағы инфлция деңгейі 2018 жылы 2000 пайыздан асуы мүмкін. Бұл туралы Халықаралық валюта қорыны әлемдік экономикаға жасаған болжамында жазылған.

Қор сарапшыларының пайымдауынша, Венесуэладағы экономикалық тоқырау процесі елді осы жылы - 720 пайыздық, 2017 жылы 2068 пайыздық инфляцияға жеткізуі мүмкін. NTN24 арнасы қордың мұндай болжам жасауына экономикалық саясат пен импортты кіргізбеуден туындайтын салық түсімдерінің дефициті негіз болғанын хабарлады.

Латын Америкасындағы жағдайы Венесуэламен шамалас Аргентина еді, бірақ онда болуы мүмкін инфляция шамасы 25,6 пайызды ғана құраған. "Жоғары инфляциядан бөлек Венесуэланы экономиканың 7,4 пайыз құлдырауы күтіп тұр", - дейді қор қызметкерлері.

Қазір Венесуэладағы жағдай нашарлап, елде  тауар жетіспеушілігі пайда болып, инфляция мен мемлекет қарыздары қарқынды өсіп жатыр. Сарапшылар бұл жағдайға мұнай бағасының төмендеуі де кері әсер етіп жатқанын жазады.

Похожие материалы