Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана маңындағы Қосшы ауылын да су басуы мүмкін

Астана маңындағы Қосшы ауылын да су басуы мүмкін

Астана. 20 сәуір. 7kun.kz - Синоптиктердің айтуынша, Астана маңындағы Қосшы ауылы су астында қалуы мүмкін. Барлығы Қарағанды су қоймасының жұмыс режиміне байланысты Бұл туралы  "Астана" телеарнасы хабарлады.

"Қосшыға қауіп төніп тұр. Астанаға жетпей, Нұра өзені арнасынан шығуы мүмкін. Барлығы Қарағандыдағы су қоймасының жұмыс тәртібіне байланысты. Кеше олар қоймадан шығатын су көлемін біршама азайтты. Оған қоса Қосшыға жетпей, Нұра өзеніне орта жолдан қосымша еріген қар сулары қосылуы мүмкін", - деді «Қазгидромет» гидрология департаментінің директоры Дидар Жәнібекұлы.

Сонымен бірге, Астана мен оның маңындағы ауыл-аймақты су басуы мүмкін деген ақпарат тараған. Бірақ мәжілісмен Владимир Божко Астананы бөгеттің қорғап тұрғанын айтып, ол қауесетті жоққа шығарған.

Бүгін Ақмола облысына Павлодардан қосымша күш тартылған. Олар апаттың алдын алуға ат салыспақ. Ал Атбасарда жарылған дамбаның жыры әлі біткен жоқ. Аудан әкімі Ішкі істер вице-министрі Илья Ильиннің ақпаратын жоққа шығарды. 200 миллионға салынғаны дамба емес, топырақтан жасалған бөгет. Ал жұмсалған қаржы 150 миллион екенін мәлімдеді.

Осыған дейін "Қазгидрометтегілер" ІІМ наразылығына өздері жасаған болжамдардың орындалғанын және қателіктердің барлық салада болатынын айтып жауап берген еді.

Ал 19 сәуірде WhatsApp мессенджері арқылы Қосшыны су басуы мүмкін екендігі туралы хабарлама таралған болатын. Кейіннен ІІМ бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

Похожие материалы