Алматы. 20 сәуір. 7kun.kz - «Банк ЦентрКредиттің» (БЦК) акционері Kookmin Bank өзінің 41,93% үлесін "Цеснабанкке", "Цесна" қаржы холдингі" мен Байсейітов Бахытбек Рымбекұлына сатқанын хабарлады.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың 1 ақпанында Банк ЦентрКредиттің басқарма төрағасы Владислав Ли төрағасы KASE-ге акционерлердің банк акцияларын сату ниеті бар екені туралы хабарлаған.
БЦК акционері Бақытбек Байсейітов International Finance Corparation (IFC) компаниясына тиесілі банктің 10 пайыз жәй акциясын сатып алды. Нәтижесінде оның БЦК акцияларындағы үлесі 44,5 пайызға жетті.
Сәуірдің басында Ұлттық банк Цеснабанкке БЦК-ның үлесін сатып алуға рұқсат берген болатын.
«Банк ЦентрКредит» АҚ Forbes Қазақстан журанылының «Қазақстандық банктердің ренкингі -2016» рейтингі бойынша бесінші орында.
Kookmin Bank Кореядағы ең ірі банктің бірі. Кореяның KB Financial Group қаржы тобының құрамына кіреді. Банктің штаб-пәтері Сеулде орналасқан.