Шымкент. 20 сәуір. 7kun.kz - Іскерлік климат рейтингі, 2016 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстандағы ең аз көлемдегі пара Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі екенін анықтады. Бұл туралы жергілікті TVK арнасы хабарлады.
Сондай-ақ жемқорлық ең көп жайылған салалар да аталды. Олар - кеден органдары, экономикалық тергеу қызметі мен көлік инспекциясы. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүргізген зерттеуге сәйкес, кеден одағында берілетін параның орташа көлемі 40 мың мен 160 мың теңге арасында болса, экономикалық тергеу қызметтерінде пара 195 мыңнан басталады.
ОҚО-дағы салық органдарында пара 14-97 мың теңге арасында, транспорттық бақылау қызметтерінде заңсыз берілетін сома 28 мың теңгеден басталып, 115 мың теңгеге жетеді. Басылымның жазуынша, бұл Қазақстандағы параның орташа шамасынан 2-3 есе аз.