Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Су басып жатқан 3 аймақта 600-ге жуық бала киімсіз, оқулықсыз қалған

Су басып жатқан 3 аймақта 600-ге жуық бала киімсіз, оқулықсыз қалған

Астана. 20 сәуір. 7kun.kz - "Кітапсыз қалдым" деп үкіметке жан-айқайын жеткізген 10 жасар қыз жалғыз емес екен. Су басып жатқан 3 аймақта бас-аяғы 600-ге жуық бала киімсіз, оқулықсыз қалыпты. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ал білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта 105 оқушы ғана мектепке бара алмай отыр екен.

Осы тұста, мәжілісмен Владислав Косарев былай деген болатын:

- Где руководители регулярно и бодро докладывали о полной готовности к паводкам. О количестве вывезенного снега, об укреплении дамб, водохранилищ и так далее. Но, пришла весна и все поплыли.

Депутат жыл сайын тасқынның алдын алу шараларына бөлінген қаржы желге кетіп жатқанын айтты. Өйткені, айналып келгенде биылғыдай жүздеген үй суға кетіп, далада қалған мыңдаған адамның шығынын өтеуге бірнеше есе артық жұмсалады екен. Алайда, мәжілісмендердің кейбірі тек үкіметті кінәлай бермеу керек деп отыр.

Бақытжан Әбдірайым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Оның бәрін тұрғындар біліп отырды ғой. Көріп отырды. Алдын ала айту керек еді. Шу көтеру керек еді.

Ал Қарақұсованың айтуына қарағанда су басып жатқан аймаққа барып, халықпен кездесу аса маңызды емес сияқты. «Я хотела бы спросить, ну мы выйдем. Дальше что? Наверное наша работа в другом», - деді ол.

Дегенмен, депутаттың бәрі бұлай ойламайды. Балалардың құқын қорғаушы Зағипа Бәлиева жалпы отырыстың бітуін күтпестен кабинетіне асықты. Онда тасқыннан зардап шеккен аймақтағы балаларға көмектесу мәселесі қаралады екен.

Зағипа Балиева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Қазір Ақтөбеде 239 бала, Қарағандыда 72 бала, Ақмолада 266 бала қиын жағдайға ұрынып жатыр. Сол апатқа байланысты бізде штаб бар. Сол жерде бәрін жинап жатырмыз. Бүгін түстен кейін Атбасарға барамыз және Қарағандыға жібереміз.

- Өзіңіз барасыз ба?

- Өзім Атбасарға барамын.

Бақытнұр Әлібай, тілші:

- Балиева бастаған топ 2 бөлініп, Астанаға жақын орналасқан Ақмола және Қарағанды облыстарына аттанды. Ал, Ақтөбедегі тасқыннан зардап шеккен балаларға 1 миллион теңге аударылады. Бұл - қайырымды жандар жасаған көмектің аз бөлігі ғана. Ал, мемлекеттің өтемақысы дәл осылай оңай беріле қояр ма екен? Ендігі мәселе осы болып отыр.

Похожие материалы